24 жыл күткен алтын: Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарында чемпион атанды

27.09.2026 • 17:04 Қарақат АСЫЛОВА
24 жыл күткен алтын: Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарында чемпион атанды
231
Ашық дереккөз

Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарында тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ерлер арасындағы семсерлесуден ұлттық құрама командалық жарыста алтын медаль иеленді.

Жарыста Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Құрбанов қорғады. Төрт спортшы командалық бәсекеде мықты қарсыластарынан басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұл — Қазақстанның семсерлесуден Азия ойындарындағы соңғы 24 жылдағы алғашқы алтын медалі.

Осылайша қазақстандық спортшылар құрлық додасында семсерлесуден тарихи жеңіске қол жеткізді.

Войдите, чтобы оставить комментарий