1,1 млрд теңге жұмсамақ болды: Әкім орынбасары жазаланды
Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласында бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болған бірқатар шенеунік, оның ішінде әкімнің орынбасары тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Politico.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қадағалау органының мәліметіне қарағанда, жергілікті әкімдік шаһарды қысқы және жазғы мезгілде күтіп-ұстау жұмыстарын жоспарлау кезінде сметалық құнды қолдан өсіріп, бәсекелестікті шектейтін заңсыз талаптар қойған. Осының салдарынан құны 1,1 млрд теңге болатын тоғыз мемлекеттік сатып алу байқауы тоқтатылып, жобалардың бағасы қайта қаралды.
Нәтижесінде артық шығындар қысқартылып қазынаның 386 млн теңгесі сақталып қалды, ал аталған заң бұзушылықтарға тікелей жауапты қала әкімінің орынбасары мен мемлекеттік активтер бөлімінің басшысы тиісті жауапкершілікке тартылды.
Ашық дереккөздерде қала әкімінің Фархат Байқасов және Дархан Оспанов есімді екі орынбасары көрсетілгенімен, құзыретті орган олардың нақты қайсысы жазаланғанын ашып айтқан жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
09:33
FlyArystan ұшағы Павлодарға жетпей, Алматыға ке...
21.10.2026
09:22
Әйеліне күш қолданғаны расталмады: прокурор тек...
21.10.2026
09:19
Шымкентте жалдамалы пәтердегі екі бала өлімінің...
21.10.2026
08:53
Жетісуда 4,5 миллиард теңгелік жолдың жолы болмады
21.10.2026
08:44
Петропавлда белгісіз сұйықтықты ішкен екі адам ...
21.10.2026
08:23
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жасайты...