«13 жастағы бала немеремді 9 рет пышақтады»: қаза тапқан оқушының әжесі жантүршігерлік жайтты айтты

15.06.2026 14:04 Мөлдір ҚАЙНАР
«13 жастағы бала немеремді 9 рет пышақтады»: қаза тапқан оқушының әжесі жантүршігерлік жайтты айтты
103
Фото: әлеуметтік желі

Пышақ жарақатынан қаза тапқан 12 жастағы баланың нағашы әжесі немересінің өліміне қатысты оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оның сөзінше, жасөспірімді алдын ала жоспарланған түрде кездесуге алдап шақырған, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында мәлімдеді.

«Немерем "апа, 10-15 минутқа шығып келейін" деп үйден кеткен. Арада 20 минуттай өткенде "немерең қайда?" деген хабар келді. Кейін білсек, бір бала оны алдап шақырып, екіншісіне алып барған екен. Ал екіншісі пышақпен күтіп тұрған. Пышақ шыққан кезде қасында болған бала қашып кеткен. Кейін екеуін де полиция алып кетті. Кеше олардың біреуін психиатриялық сараптамаға жіберді дегенді естідік», – деді марқұмның әжесі.

Әжейдің айтуынша, 12 жастағы балаға тоғыз рет пышақ жарақаты салынған. Ол ауыр жарақат салдарынан небәрі 40 секундтың ішінде көз жұмғанын айтты.

«13 жастағы бала 12 жастағы баланы 9 рет пышақтап, 40 секундта өлтірсе, оны жай бала деп айта алмаймын. Мұндай қатыгездікке миым жетпейді. Ертең бостандыққа шықса, тағы біреуге зиянын тигізуі мүмкін. Осындай жағдайда заң неге тым жұмсақ болуы керек?» – деді ол.

Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып барған марқұмның туысы Ғалия Үсенова да көрген жағдайын баяндады.

«Барғанымызда бала бір қырынан қисайып жатқан екен. Басы да, үсті де қанға боялған. Денесінде пышақ жарақаттарының ізі анық көрінді. Жарасына бинт тығып қойған. Денесі әлі жылы еді, бірақ дәрігерлер оның көз жұмғанын айтты», – деді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий