136 млн теңгені жымқырған қаржы пирамидасын ұйымдастырушылары сотталды

18.03.2026 20:06 Қарақат АСЫЛОВА
136 млн теңгені жымқырған қаржы пирамидасын ұйымдастырушылары сотталды
223
Ашық дереккөздерден
Көкшетауда «S-Group» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына сот үкімі шықты

Көкшетау қалалық соты өңірдің үш тұрғынына қатысты қаржы пирамидасын құру және аса ірі көлемде алаяқтық жасау дерегі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот анықтағандай, айыпталушылардың бірі 2020 жылдың ақпан айынан бастап «S-Group» қаржы пирамидасына қатысып, одан заңсыз табыс алған. Кейін ол Көкшетауда осы ұйымның филиалын ұйымдастырған. Артынша оған көмекшісі қосылып, екеуі жоғары табыс уәде етіп, жаңа салымшыларды тартумен айналысқан.

2021 жылдың мамыр айында бұл іске тағы бір «қызметкер» тартылған. Ол әлеуметтік желілер арқылы да салымшылар іздеумен айналысқан. Жаңа қатысушылардан түскен қаражат бұрынғы салымшыларға төлем жасауға және ұйымдастырушылар арасында бөлінген.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына жалпы сомасы 136,5 миллион теңгеден астам қаражат тартылған.

Сот үкімімен екі айыпталушы 6 жылға, ал үшіншісі 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, заңсыз жолмен алынған мүліктер – пәтерлер, автокөліктер, жер телімі және басқа да активтер тәркіленіп, жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу үшін берілетін болды.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий