143 мың жолаушы: Алматы метрополитені жаңа рекорд орнатты
Алматы метрополитені бір тәулік ішінде тасымалдаған жолаушылар саны бойынша тағы да жаңа рекорд жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.
Бұл жолғы рекорд 30 қыркүйек күні, Алматының «Қайрат» футбол клубы мен Мадридтің «Реал» командасы арасындағы ойын өткен күні тіркелді. Қала тұрғындары мен қонақтарының көпшілігі орталық стадионға жету үшін метро қызметін пайдаланған.
Осылайша, 30 қыркүйекте метро қызметін 142 932 жолаушы пайдаланған. Бұл метрополитен тарихындағы ең жоғары тәуліктік көрсеткіш болып отыр. Айта кету керек, бұған дейінгі рекорд осы жылдың 3 қыркүйегінде орнатылған болатын. Ол кезде метро бір күнде 117 мың адамды тасымалдаған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...