«15 күнде арықтап, көлік ұтып алдым»: Ел алдына 120 келі салмақпен шыққан сәнгер жұртты таңғалдырды

09.12.2025 09:56 Әсел Мұрат
«15 күнде арықтап, көлік ұтып алдым»: Ел алдына 120 келі салмақпен шыққан сәнгер жұртты таңғалдырды
0
185
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Жадо Сахиева

Бұрын 53 келі болған танымал дизайнер Жадо Сахиева қазір толып кеткенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.

Ол бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында айтып берді.
 

«Жас кезімде биші болдым, 53 келі болдым. Қазір 120 келімін.Онымен мақтанбаймын. Бәрі айтады «Жадо, неге арықтамайсың?» деп. Мен биші емеспін, әнші емеспін сахнаға шығатын. «Сіздер неге маған тисе бересіздер?» деймін. Осы қалпымда өзімді жайлы сезінемін. Арық не толық болу маңызды емес, ең бастысы – денсаулық. Арықтасам, бейнемді жоғалтам ба деп қорқамын», – деді ол. 

Дизайнердің айтуынша, достарымен бәстесіп, небәрі 15 күнде 15 келі тастаған. Соның нәтижесінде көлік ұтып алған. Алайда арықтау процесі денсаулығына әсер етіп, кейін бір апта ауруханада жатып шыққан.

@qazaqstan.tv_

«15 күнде 15 келіге арықтап, көлік ұтып алдым» «Бұрын салмағым 53 келі еді, қазір 120. Осы қалпымда өзімді жайлы сезінемін. Арық не толық болу маңызды емес, ең бастысы - денсаулық», - дейді Жадыра Сахиева. Дизайнердің айтуынша, достарымен бәстесіп, небәрі 15 күнде 15 келі тастаған. Соның нәтижесінде көлік ұтып алған. Алайда арықтау процесі денсаулығына әсер етіп, кейін бір апта ауруханада жатып шыққан.

♬ оригинальный звук - «Qazaqstan» телеарнасы
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий