«16 жыл күтіп жүрмін»: Жахан Отарғалиев Колобоктың әке болғанын естіп, «жылап» жіберді

13.11.2025 09:56 Мөлдір Талғат
«16 жыл күтіп жүрмін»: Жахан Отарғалиев Колобоктың әке болғанын естіп, «жылап» жіберді
0
157
Фото: todayinfo.kz. Суретте: Жахан Отарғалиев пен Елдос Колобок

Актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев жақын досы әрі әріптесі Елдос Колобокты әке атануымен шын жүректен құттықтап, әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды, деп жазады POLITICO.KZ

Ол бұл қуанышты сәтті үлкен шабытпен қабылдап, өмірдегі ең үлкен бақыттың мәнін өз сөздерімен жеткізді.

Жахан әке болудың қадірі мен жауапкершілігі туралы ой бөлісіп, былай деді:

"Бұл өмірде өз ұрпағың барын сезіну – ең ұлы бақыт. Баламен бірге уақыт өткізу, оны мектепке апару… Бұл өмірде одан асқан бақыт жоқ. Достар, балаларыңыз болса, дәл қазір бәрін тастап, балаларыңызбен уақыт өткізіңізші."

Ол өзінің де осындай сәтті көптен бері күтіп жүргенін айтып, ата-ана болудың құндылығын ерекше атап өтті:

"Өзім сол сәтті күтіп жүргеніме 16 жыл болыпты. Баласы бола тұра қарамай, тастап кететін әкелерді мүлдем түсіне алмаймын. Неге басыңызға қонған бақты бағаламайсыз?"

Әзілкеш досына деген ризашылығын білдіріп, шын жүректен жылы тілек арнады:

"Елдос бауырым, сен үшін шын жүректен қуаныштымын. Алла берекесін берсін, бауырыммм! Мені жақсы түсінетін жалғыз сен едің… Қандай жағдай болса да, әлхамдулиллях!"

Жазбасының соңында ол барлық ата-аналарға ой тастап, балалы болудың ең үлкен нығмет екенін еске салды:

"Ұрпағы бар жандар, біліңіздер — сіз ең бақытты жансыз!" — деп түйіндеді актер.

Жахан Отарғалиевтің бұл жазбасы желіде жылы пікірлер жинап, көпшілікті отбасы мен әкелік мейірімнің маңыздылығын қайта ой елегінен өткізуге итермеледі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий