1,7 млн оқушы тегін тамақтанбақ: ата-аналар мектеп асханасын үйде отырып бақылай алады
811
1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы мектепте тегін тамақпен қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады politico.kz.
1 қыркүйектен бастап 1,7 млн қазақстандық оқушы мектепте тегін тамақпен қамтылады. Олардың қатарында 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасының балалары бар, - деді министр.Бұдан бөлек, Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, eGov Mobile мобильді қосымшасында «Әлеуметтік әмиян» арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Жоба ата-аналарға қызметті проактивті түрде алуға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазір тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істейді. Жобаны кеңейту үшін мектептерді тамақтандыруды есепке алу мен тіркеу жүйелерімен қамтамасыз ету және оларды «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.Пилоттық жоба Ақмола, Маңғыстау облыстарында және Астана мен Шымкентте сынақтан сәтті өтті. Мектептердің дайындығына қарай біртіндеп енгізіледі. Жалпы, биылғы жаңа оқу жылында барлығы 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн оқушы үшін сабақ басталады. Оның ішінде 360 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде мектептердің 90%-ы оқулықпен қамтылған. Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды қолдау шаралары да жалғасып жатыр. Балаларды оқу құралдарымен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында 22,6 млрд теңге бөлінген. Ол 510 мың баланы мектепке дайындауға жұмсалады. Фото: avatars.mds.yandex.net
Соңғы жаңалықтар
30.07.2026
00:00
Досымен бәстескен ер адам Аргентина құрамасы же...
29.07.2026
23:22
«Сотқа беремін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға ес...
29.07.2026
22:42
Қазақстан мен АҚШ КҚК мәселесін талқылады
29.07.2026
21:52
Тарихта алғаш рет! Қазақстандық семсерлесушілер...
29.07.2026
21:46
Тоқаев Астанада «Болашақ ойындарын» ашып, Қазақ...
29.07.2026
21:14
Түркістан тауларында қайғылы жағдай: Бір адам қ...