17 жастағы қызының жүкті екенін естіген әйел өзін-өзі өртеп жіберді
Әйел адам өзін өртеп, ауыр жарақат салдарынан өмірден өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Қырғызстанның Ыстықкөл облысына қарасты Ақсу ауданында болды.Бұл ақпаратты облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі таратты.
Kaktus.media жазуынша, 25 ақпан күні полицияға 1985 жылы туған жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Ол 2009 жылы туған қызының 16 апталық жүкті екенін айтқан. Осыған байланысты құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған қыздан жауап алған.
Алайда анасы «жұртқа масқара болды» деген себеппен тергеу шарасына қатысудан бас тартқан. Сұрау салу аудандық отбасы және балаларды қорғау бөлімінің қызметкерінің қатысуымен жүргізілген.
Сол күні кешкі сағат 21:00 шамасында жасөспірімнің анасы «дүкенге барамын» деп үйден шығып, өзіне бензин құйып, өзін-өзі өртеген. Ол ауыр күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Соңғы жаңалықтар