17 жыл бойы қорлық көрген Құндыз бен Назгүл қауіпсіз ортаға көшірілді

27.01.2026 21:51 Берік Арманов Берік Арманов
17 жыл бойы қорлық көрген Құндыз бен Назгүл қауіпсіз ортаға көшірілді
72
Фото: видеодан кадр

17 жыл бойы аға-жеңгесінің қорлығында болған Құндыз бен Назгүл қазіргі қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен алынып, арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырылды. Бұл туралы белгілі журналист Руслан Өтепбай мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде Құндыздың аяқ-қолы матаулы суреті тарағаннан кейін қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыған байланысты журналист Руслан Өтепбай Тараз қаласына арнайы барып, жағдайға тікелей араласқан.

«Құндыз бен Назгүлді қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен қауіпсіз ортаға көшірдік. Алдағы уақытта қыздар осы жерде болады. Кейін олардың жағдайына сай жайлы әрі тұрақты орын қарастырамыз», – деді Руслан Өтепбай.

Сондай-ақ ол қыздардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп жатқан ел азаматтарына алғыс айтты.

«Қыздардың жағдайына бейжай қарамай, уайым білдіріп жатқан барша қазақ еліне үлкен рақмет», – деп жазды журналист.

Сонымен қатар Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде Құндыздың өзіне қатысты айтқан балағат сөздері таралып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жағдайды арандатушылық ретінде қабылдамауға шақырды.

«Бұл видеоны түсіріп, таратқан адамның мақсаты – психологиялық тұрғыда әлсіз, аурушаң қызды пайдаланып, ел алдында жаманатты ету. Сондықтан артық арандатуға ермейік. Құндыздың еркелігін көтере алмасам, несіне аға болып жүрмін», – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий