«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай бұрынғы некесіне қатысты нүкте қойды

«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай бұрынғы некесіне қатысты нүкте қойды
Фото: әлеуметтік желі

Әнші әрі актер Олжас Абай жеке өмірін талқылап, сынаған желі қолданушыларына жауап беріп, бұрынғы некесі туралы шындықты айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасының Stories бөлімінде жұбайы Дариға Бадықованы қорғап, жағымсыз пікір жазушыларға қатаң ескерту жасады:

«Енді менің жанымдағы кісіні біреу ренжітсе, маған ренжімесін. Жаман сөз жазып, табалай бермеңдер. Ешкім ешкімнің бала-шағасынан ажыратқан жоқ. Бірінші некеден тоғыз жыл бұрын екі жақтың келісімімен кеткен адамдармыз. Ол кезде Дариғаны танымаймын да. Осымен осы тақырып жабылсын. Бақыт тілеп жатқан жандар, сіздерді өнермен әлі талай қуантамыз», — деп жазды актер.

Актриса Дариға Бадықова да желідегі сыни пікірлерге байланысты өз ойын білдірген болатын:

«Бүгін біреудің өмірін табалап, ертең өз бастарыңа не келетінін білмейсіңдер. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңның ертеңгі тағдыры қандай болатынын да білмейсіңдер. Ешкім баласының болашағына, денсаулығына, бақытына кепілдік бере алмайды. Сондықтан өзгенің тағдырын талқыламас бұрын, осыны бір ойланыңдар. Біреудің бүгінін мазақ етіп, өз ертеңдеріңе тым сенімді болмаңдар», — деді ол.

Еске сала кетейік, қос өнер иесінің шаңырақ көтеруі қоғамда үлкен резонанс тудырып, желі қолданушылары арасында қызу талқыланған еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу