19 танымал әнші мен актер есірткі қолданды деген күдікке ілінді
Түркия полициясы елдің шоу-бизнес және медиа әлеміндегі бірқатар жұлдыздарға қатысты есірткі қолдану фактісі бойынша тергеу бастағанын хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Басылым мәліметінше, тергеу аясында 19 танымал тұлғадан қан талдауы алынған. Олардың арасында әншілер Хадисе Аджикгез бен Ирем Дериджи, актрисалар Демет Эвгар мен Беррак Түзюнатач, сондай-ақ әлеуметтік желі жұлдыздары Дуйгу Өзаслан және Дерин Талу бар.
Ыстамбұлдың Бас прокуратурасы тергеу фактісін растады. Ресми мәлімдемеде іс «Есірткі немесе стимуляторлық заттарды қолдану» бабы бойынша қаралып жатқаны айтылған.
Сонымен қатар, прокуратура күдіктілерге қатысты қамауға алу ордері берілмегенін, тергеу барысында олардың түсініктеме беріп, медициналық сараптамадан өтуі ғана талап етілетінін хабарлады.
Соңғы жаңалықтар





