19 жастағы жігіт өзінің жерлеу рәсімінде жөтеліп, жұртты шошытты

19 жастағы жігіт өзінің жерлеу рәсімінде жөтеліп, жұртты шошытты
16.09.2025 14:14
0
301
СС0 / carolynabooth

Үндістанның Махараштра штатындағы Тримбакешвар талукасында жол-көлік апатынан ауыр жараланған 19 жастағы Бхау Лачке жерлеу рәсімі басталар сәтте қимылдап, жөтеліп, тіршілік белгілерін көрсеткен. Бұл туралы SCMP хабарлады.

Жас жігітті апаттан кейін жекеменшік ауруханаға жеткізген. Отбасының айтуынша, дәрігерлер оның жағдайын «ми өлімі» деп сипаттап, «аман қалу мүмкіндігі өте төмен» екенін ескерткеннен кейін туыстары жерлеуге дайындықты бастаған.

Алайда рәсім басталар алдында Лачке алғашында сәл қозғалып, артынша бірнеше рет жөтелген. Туыстары оны дереу қайтадан ауруханаға жеткізді. Қазір ол өте ауыр халде, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Лачкенің отбасы клиниканы қате қорытынды жасады деп айыптады. Ал аурухана өкілдері «өлім фактісі ресми түрде тіркелмегенін», «ми өлімі» – ми қызметтерінің қайтымсыз жоғалуын білдіретін медициналық термин екенін, бірақ оның клиникалық өліммен теңестірілмейтінін түсіндірді.

Оқиға бойынша тексеріс жүріп жатыр; отбасының сотқа шағым түсіретіні- түспейтіні әзірге белгісіз. «Біз оны жоғалттық деп ойладық, бірақ бұл нағыз ғажайыпқа ұқсайды. Тек аман қалып, сауығып кетсін», – деді туысы Гангарам Шинде The Indian Witness-ке.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий