2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды
675
Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда туризмді дамыту саласындағы 2023 жылғы қызмет қорытындылары мен 2024 жылға арналған басым міндеттер туралы баяндалды,
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев былтыр инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қатысты жалпы құны 31 млрд теңгеге 33 жоба іске асырылғанын жеткізді. Биыл 289 млрд теңгеге 70 жоба жүзеге асырылмақ. "Маңызды жобалардың ішінде "Жылы жағажайдың" туристік объектілерін сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған "Каспий" тұщыландыру зауытының қуаттылығын арттыру жобасын атап өткім келеді. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы Хан Ордасы объектісіне, Атырау қаласындағы Сарайшық қалашығына және Ұлытау облысындағы Жошы хан кесенесіне дейінгі жолдарда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл – мәдени-туристік нысандардың қолжетімділігін айтарлықтай арттырады", - деді министр. Алқа мәжілісінде Маржықпаев өткен жыл туристік сала үшін жемісті болғанын айта келіп, биыл бұдан да жоғары нәтижелі болатынына сенімді екенін жеткізді. "2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Іс-шараның ашылу рәсімі 28-29 наурыз күндері Бейжің қаласында өтеді жоспарланып отыр. Ал бір жыл бедерінде туризм түрлері бойынша тақырыптық апталар, Қытайдың 7 ірі қаласында (Бейжің, Сиань, Шанхай, Үрімші, Гонконг, Ханчжоу, Чэнду) ТОП-20 отандық дестинациялардың тұсаукесерін өткізу жоспарланған
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
01:04
Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын са...
30.04.2026
23:27
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тау...
30.04.2026
23:19
Іздеудегі Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ҚТЖ-ғ...
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...