2024 жылы Қазақстандағы ең маңызды оқиғалар анықталды
Сарапшылар 2024 жылдың негізгі жетістіктерін атады
Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) 2024 жылдың маңызды оқиғалары, жетістіктері және трендтері бойынша қорытынды есеп жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы ең басты тренд – халықтың президентке деген сенім деңгейінің жоғары болуы (80,5%) және оның шешімдерін қолдауға дайындық. Сонымен қатар, азаматтық идентификацияның күшеюі мен ұлттық құндылықтарды нығайту 2024 жылдың маңызды әлеуметтік үрдістерінің бірі болды.
2024 жылдың саяси саласындағы басты оқиғалар қатарында:
- АЭС құрылысы бойынша бүкілхалықтық референдум өткізу;
- Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң қабылдау;
- Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша жаңа заңнама енгізу;
- Онлайн-петициялар институтын іске қосу.
Экономикалық саладағы негізгі жетістіктер ретінде:
- Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған кешенді бағдарламаның қабылдануы;
- Мемлекеттік сатып алу ережелерінің жаңартылуы;
- Жаңа Бюджет кодексінің қабылдануы және салық жүйесін реформалау жұмыстарының басталуы.
Сыртқы саясат саласында Қазақстан үшін маңызды үш оқиға аталды:
- ШОС, ОТГ, ОДКБ секілді халықаралық ұйымдардағы төрағалықты сәтті аяқтау;
- Қазақстанның халықаралық аренада «орта деңгейлі держава» ретінде мойындалуы;
- Президенттің Катар, Франция, Қытай және Ресей сияқты елдерге маңызды сапарлары.
2024 жыл Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жылы ретінде есте қалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
10:13
Қазақстанда 2027 жылы зейнетақы 8,5 пайызға өсу...
28.10.2026
10:09
Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп қойған үшін...
28.10.2026
09:34
Жаңа туған екі сәбиін тұншықтырып өлтірген әйел...
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...