Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп қойған үшінші адам көз жұмды

 Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп қойған үшінші адам көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында белгісіз тұнбаны ішіп, ауруханаға түскен үшінші ер адам қайтыс болды. 75 жастағы зейнеткер дәрігерлердің көмегіне қарамастан, ауыр уланудан көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Медицина қызметкерлері ер адамның өмірін сегіз күн бойы сақтап қалуға тырысқан. Осы уақыт ішінде ол жансақтау бөлімінде жатып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Алайда науқастың жағдайы өте ауыр болған.

Қазіргі уақытта марқұмдар ішкен алкоголь құйылған бөтелкеге сараптама жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.

Еске салайық, бір апта бұрын Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз тұнбаны ішкен екі ер адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Кейін белгілі болғандай, олар бөтелкені қоқыс жәшіктерінің арасынан тауып алған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу