2025 жылы жалпыға бірдей декларациялауға арналған талаптар белгілі болды
709
Жалпы декларациялаудың басты ерекшеліктері
2025 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың ерекшеліктері туралы Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 20 желтоқсанда мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Департамент өкілдері активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00 нысаны) тапсыру міндеті келесі санаттағы азаматтарға қатысты екенін ескертті:
- Қазақстан азаматтары мен резиденттері, шетелде мүлікке ие тұлғалар;
- сайланбалы немесе мемлекеттік лауазымдарға үміткерлер;
- банктің, бағалы қағаздар нарығының немесе сақтандыру ұйымының ірі қатысушысы болуға үміткер тұлғалар;
- жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар;
- декларацияны ерікті түрде тапсырғысы келетін азаматтар.
Шетелдегі декларациялауға жататын активтер:
- жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;
- шетелдік компаниялардағы үлестер;
- шетел банктеріндегі шоттардағы қаражат (1000 АЕК-тен асса);
- бағалы қағаздар, қаржы құралдары;
- зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқықтар;
- инвестициялық және қымбат металдар.
Сонымен қатар, Қазақстанда және шетелде құны 20 000 АЕК-тен асатын (2024 жылы 73 840 000 теңге) ірі сатып алулар жасаған тұлғалар да декларация тапсыруы тиіс.
Ақпарат zakon.kz сайтынан алынған.
Соңғы жаңалықтар
14.06.2026
18:09
Нұрай Серікбай ісі бойынша тергеу аяқталды
14.06.2026
15:49
Қытайда қайыршы роботтар пайда болды
14.06.2026
14:25
Қазақстанда ым тілі ресми мәртебеге ие бола ма?...
14.06.2026
13:33
AMANAT пен Әділет бірікті
14.06.2026
13:21
Елордада Әділет партиясы бас қосты
14.06.2026
12:28
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліс неде...