2026 жылдан бастап Қазақстанда жол ережесін бұзу айтарлықтай қымбаттайды

31.12.2025 10:44 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
2026 жылдан бастап Қазақстанда жол ережесін бұзу айтарлықтай қымбаттайды
0
140
Фото: gov.kz

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы барлық жүргізушілерді жағымсыз жаңалық күтіп тұр. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынатын барлық айыппұлдар автоматты түрде 10 пайызға өседі. Себебі – айлық есептік көрсеткіштің (АЕК/МРП) өсуі. Бұл – қағаз жүзіндегі өзгеріс қана емес, жүргізушілердің қалтасына тікелей соққы.

Politico.kz Kolesa.kz-ке сілтеме жасап хабарлағандай, енді бұрын «ұсақ» көрінетін заңбұзушылықтардың өзі он мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған теңгеге түседі.

АЙЫППҰЛДАР НЕГЕ ӨСТІ
Қазақстандағы барлық әкімшілік айыппұлдар АЕК-ке байланған. АЕК 10 пайызға артқандықтан, жол ережесін бұзғаны үшін төленетін барлық сома да өсіп отыр.

ЖЫЛДАМДЫҚ АСЫРУ

  • 10–20 км/сағ асыру – 5 АЕК (21 625 теңге)
  • 20–40 км/сағ асыру – 10 АЕК (43 250 теңге)
  • 40–60 км/сағ асыру – 20 АЕК (86 500 теңге)
  • 60 км/сағ және одан жоғары – 40 АЕК (173 000 теңге)

РӨЛДЕ ТЕЛЕФОН ҚОЛДАНУ

  • Қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесу немесе рация пайдалану – 5 АЕК (21 625 теңге)
  • ШУ МЕН ШЫҒАРЫНДЫ НОРМАСЫН БҰЗУ
  • Жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК (43 250 теңге)
  • Заңды тұлғалар үшін – 100 АЕК (432 500 теңге)

Қайталанса:

  • Жеке тұлғалар – 86 500 теңге
  • Заңды тұлғалар – 865 000 теңге

ҚАУІПСІЗДІК БЕЛДІГІ, ШЛЕМ, ЖҮК

  • Белдік тақпау немесе мотошлемсіз жүру – 21 625 теңге
  • Жолаушыны дұрыс тасымалдамау – 21 625 теңге
  • Терезеден шығу, есігі ашық көлікпен жүру – 43 250 теңге

ТРотуар, ҚАРСЫ ЖОЛАҚ

  • Тротуармен, жаяу жүргінші жолымен жүру – 64 875 теңге
  • Тыйым салынған жерде қарсы жолаққа шығу – 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру

ТОҚТАУ ЖӘНЕ ТҰРАҚ

  • Қарапайым тоқтау ережесін бұзу – 21 625 теңге
  • Тротуар, газон, балалар алаңы – 43 250 теңге
  • Мүгедектерге арналған орын – 43 250 теңге
  • Ақылы тұрақты төлемеу – 4 325 теңге

БАҒДАРШАМ ЖӘНЕ АРНАЙЫ КӨЛІК

  • Қызыл шамға өту – 43 250 теңге
  • (сары шам да тыйым салынған)
  • Жедел жәрдемге, полицияға жол бермеу – 64 875 теңге

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР

  • Жаяу жүргіншіге жол бермеу – 43 250 теңге
  • Жол белгісі мен сызықты елемеу – 12 975 теңге
  • Апаттық жағдай жасау – 43 250 теңге

ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ

  • Теміржол өткелін бұзу – 86 500 теңге

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ

  • Материалдық шығын келтіру – 108 125 теңге
  • Жеңіл дене жарақаты – 173 000 теңге немесе 9 айға дейін құқықтан айыру
  • Жүргізуші куәлігінсіз ЖКО – 259 500 теңге

Апат орнын тастап кету:

  • 216 250 теңге немесе 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру (жарақаттанған адамға көмектесу – ерекшелік)

ҚҰЖАТТАР МЕН НӨМІРЛЕР

  • Құжатсыз жүру – 21 625 теңге
  • Куәліксіз көлік жүргізу – 216 250 теңге немесе 10 тәулікке дейін қамау
  • Полиция талабын орындамау – 173 000 теңге

Көлік нөмірлері:

  • Оқылмайтын нөмір – 21 625 теңге
  • Нөмірсіз жүру – 43 250 теңге
  • Жалған нөмір – 64 875 теңге

БАСҚА БҰЗУШЫЛЫҚТАР

  • Заңсыз қайта жабдықтау – 64 875 теңге
  • Техбайқаусыз көлік жүргізу – 21 625 теңге

2026 жылдан бастап жол ережесін бұзу бұрынғыдан әлдеқайда қымбатқа түседі. Айыппұлдар өсті, ал кей жағдайларда жүргізуші куәлігінен айырылу қаупі бар. Ережені сақтау – енді тек қауіпсіздік емес, қаржылық қажеттілік.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий