21 жастағы Нұрайдың қазасы: алып қашу, аңду және алдын алынбаған қылмыс

14.01.2026 09:58 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
21 жастағы Нұрайдың қазасы: алып қашу, аңду және алдын алынбаған қылмыс
0
223
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте танысының қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың туыстары марқұмға бұрыннан қауіп төнгенін, алайда құқық қорғау органдары тарапынан тиісті бақылау болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды politico.kz.

Марқұм Алматыда «сән және дизайн» мамандығы бойынша білім алған. Ол күдікті Аймахан Шерханмен былтыр жазда бір тойда танысқан. Бастапқыда жігіт өзін сыпайы ұстаса, уақыт өте келе Нұрайға психологиялық қысым көрсете бастаған.

Туыстарының айтуынша, қазан айында Аймахан Шерхан қызды күшпен алып қашқан, алайда ата-анасы полицияның көмегімен Нұрайды үйіне қайтарып алған. Соған қарамастан, жігіт оны аңдуын тоқтатпаған.

«Нұрай бұрынғыдай емес еді. Жүзіндегі күлкі жоғалып, үнемі алаңдап жүретін. Оған себеп – Аймаханның тоқтаусыз қысымы болды», – дейді марқұмның жақыны.

Нұрай күдіктінің әрекеттерін дәлелдеу үшін скриншоттар мен жазбаларды жинап, полицияға беруге дайындалған. Жігіт қызды бұғаттаған сайын, ол оның құрбыларына жазып, әлеуметтік желі арқылы бақылауын жалғастырған.

Туыстарының сөзінше, күдікті ашық түрде қорқытып:

«Сен мені бәрібір түрмеге отырғыза алмайсың», – деп айтқан.

Аймахан Шерхан Нұрайдың сабақ кестесін біліп алып, оқу орнына дейін барып қорқытқан. Қыздың қатты үрейленгені сонша, ағасы оны сабаққа апарып-әкелуге мәжбүр болған.

Марқұмның жақындары бірнеше мәрте арыз жазылғанына қарамастан, нақты шара қолданылмағанын айтады. Ақыры бұл жағдай қайғылы аяқталып, Нұрай танысының қолынан қаза тапты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий