«3 млн теңге жанып кетіп, 1 адам көз жұмды»: Қарағанды облысында инкассатор көлігі жол апатына түсті
Қарағанды облысында «Қазпошта» инкассаторлық көлігі жол апатына түсіп, 3 миллион теңгеден аса ақша мен көлік өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әлеуметтік желілерде инкассатор көлігінің жүргізушісі сол жерде қаза тапқаны хабарланған. Оның әріптесі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Көлікте үш миллион теңгеден астам қаражат болған. Ол көлікпен бірге өртеніп кеткен.
«2 желтоқсанда сағат 16:40-та «Қарқаралы – Қарағайлы» тас жолында екі көлікт – Toyota Camry мен Lada Largus жол апатына ұшырады», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.
Алдын ала мәліметтері бойынша Camry жүргізушісі көлікке ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, Lada-мен соқтығысқан. 28 жастағы Lada жүргізушісі алған жарақатынан сол жерде қаза тапқан. Оның 36 жастағы жолаушысы және 41 жастағы Camry жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Camry жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Соңғы жаңалықтар