«3 жасар қызының көзінше»: Атырау облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін пышақтап өлтірді

03.08.2026 16:22 Әсел МҰРАТ
«3 жасар қызының көзінше»: Атырау облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін пышақтап өлтірді
374
Фото: ugrapro.ru

Журналист Жанат Молдашова Атырау облысында болған қанды қылмыс туралы хабарлап, ресми органдардан түсініктеме талап етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, 22 шілде күні күйеуі әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып, ол алған жарақаттарынан көз жұмған. Желіде таралған ақпаратқа сәйкес, қылмыс кезінде жанында 3 жасар қызы болған. Бүлдіршін анасының мәйітінің жанында 1,5 тәулік жалғыз болған

Марқұмның жақындары WhatsApp арқылы журналиске күдіктінің ұсталғанын және құзырлы органдар кішкентай куәгерді жауап алуға шақырып жатқанын хабарлаған. 

Журналист кезекті әйел өліміне қатысты құзырлы органдардың әлі күнге дейін ресми мәлімдеме жасамауын сынға алды.

Осы оқиғаға байланысты полициядан ресми түсінікеме сұратып сауал жолдадық.

«Тұрмыстық жанжал кезінде азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды. «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады Атырау облысының полициясы тілшімізге.

Войдите, чтобы оставить комментарий