Түркістанда балалар ойын алаңында екі әйел төбелесті

Түркістанда балалар ойын алаңында екі әйел төбелесті
Фото: magnific.com

Түркістандағы сауда орталықтарының бірінде балалар ойын алаңында екі әйел төбелесіп қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Желіде тараған мәліметке қарағанда, оқиға 7 қарашада болған. Куәгерлердің бірінің айтуынша, әйелдердің бірі өзгенің баласына тиіп кеткен. Мұны көрген баланың анасы әлгі әйелге барып, оны итеріп жіберген. Артынша екеуінің арасында төбелес басталған.

Түркістан облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, екі әйелдің арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан. Салдарынан олардың бірі дене жарақатын алған. Күдіктінің кім екені анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Тергеу жалғасып жатыр. Полиция өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын айтты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу