«30 жасыма дейін қыспақта болдым»: Мөлдір Әуелбекова жар таңдауға қатысты кеңес берді

«30 жасыма дейін қыспақта болдым»: Мөлдір Әуелбекова жар таңдауға қатысты кеңес берді
instagram.com/moldir.auyelbekova

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әйел адам бақытты боламын десе, жар таңдаудан қателеспеуі тиіс екенін ашып айтты.

«Бақытта боламын десеңіздер, жар таңдаудан қателеспеңіздер. Адам өзінің жүрегін тыңдау керек екен. Елдің пікірін емес. Мен 30 жасыма дейін, тұрмыс құрып, босанғанға дейін қыспақта болдым. Ағайын-туыс, дос-жарандардан, жан-жақтан «Қашан, қашан?» деген сұрақтар көп болды», – деді әнші.

Дегенмен ол сырттан айтылған кеңес пен пікірлерге құлақ асу керектігін, бірақ түбінде өзің шешім қабылдау керек екенін ерекше атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу