Елордада Есіл өзенінен адам мәйіті табылды

Елордада Есіл өзенінен адам мәйіті табылды
Фото: Politico.kz/Абзал Бахытжанов

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Politico.kz.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, мәйіт табылғаннан кейін полицейлер марқұмның кім екенін анықтауға кіріскен.

Тексеру барысында оның елорданың 54 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

Полицияның хабарлауынша, ер адамның денесінен зорлықпен өлтіру белгілері анықталмаған.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ер адамның қандай жағдайда қайтыс болғаны тергеу барысында анықталады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу