«32-ге толар едің…»: Марқұм өрт сөндірушінің жары жүрек тебірентер жазба жариялады
Марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жары Анель әлеуметтік желіде жүрек тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Анельдің айтуынша, бұл күн – марқұм жұбайының туған күні. Ол өмірден өткеніне қарамастан, Асқардың орны мен естелігі жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді. Анель жазбасында былай деп жазды:
«Бүгін сен 32 жасқа толар едің. Қасыңда болмасаң да, бұл күн бәрібір сенікі. Ол сенің күлкіңе, даусыңа, жылуың мен қамқорлығыңа қатысты естеліктерге толы».
Сондай-ақ ол марқұм жұбайының әке ретіндегі болмысын ерекше ілтипатпен еске алды:
«Сен – мақтануға болатын әке едің: сүйіспеншілігі мол, дана, нәзік әрі мықты. Балалардың әр сөзінде, қадамында, күлкісінде сенің жаның бар. Олар – сенің мәңгілік ізің, сенің жадың, ешқашан сөнбейтін махаббатың».
Анель Асқарды өмірлік серігі ретінде де сағынышпен еске алады:
«Сен – өмір жолында қорықпай қатар жүруге болатын жар едің. Сенімен бірге әрдайым үйдегідей жылылық сезілетін».
Жазбасының соңында ол алғысын білдіріп, сағынышын жасырмады:
«Саған бәрі үшін рақмет: махаббат үшін, отбасы үшін, балаларымыз үшін, бірге өткізген әр күніміз үшін. Мен сені қатты сағынамын. Кейде бұл сағыныш бәсеңдейтіндей көрінеді, бірақ ешқашан жоғалмайды».
Анель көпшілікке де үндеу жасады:
«Бұл күн баршаға еске салсын: бір-біріңді бағалаңдар, қазір сүйіңдер, жылы сөз бен құшақтауды кейінге қалдырмаңдар».
Жазбасының соңын ол:
«Рақмет. Сүйемін. Бізбен мәңгі бірге», – деп түйіндеді.
Соңғы жаңалықтар