«36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін»: Рамазан Амантай денсаулығы туралы мәлімдеме жасады
Танымал актер Рамазан Амантай желідегі парақшасында денсаулығына байланысты дабыл қағып, шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол шұғыл түрде арықтауға мәжбүр екенін айтты.
«Егер дәл қазіргі сәттен бастап өмірімді қолға алмасам, 36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін. Шегінерге мүлдем жол жоқ . Сіздерге уәде берейін, бермейін, оның ешқандай маңызы жоқ. Алдында бастап едің, тағы тастап кетесің деп айтсаңыздар да өз еркілеріңізде. Менде басқа амал жоқ. Дәрігерлерге тексерілдім, чекап өттім, аппаратқа тексерілдім. Нәтижесін көрген кезде егер дәл бүгінгі сәттен, бүгінгі күннен өз-өзімді қолға алмасам денсаулығым 36 жасқа дейін ғана жарайды екен. Әрине, бәрі бір Аллаға аян. Өмірді беретін Алла. Бірақ сақтанғанды сақтайды. Денсаулық – Құдайдың аманаты. Сол үшін нар тәуекел! Өз-өздеріңізге қарап жүріңіздерші. Қалай жинап алғанымды өзім де білмеймін. Жинау оңай, салмақ тастау өте қиын. Жайылмаңыздар», - деді өнер иесі.
Рамазанның жаттықтырушысыныңайтуынша Рамазанның денсаулығының жағдайы өте алаңдатарлық, тез арада өзін қолға алуы керек. Кез келген уақытта инфаркт, инсульт алу қаупі бар.
Актердің қазіргі салмағы – 161 келі. 70 келіге жуық артық салмағы бар.
Соңғы жаңалықтар