36 жылдық қателік: сәбиі ауысып кеткен екі отбасы перзентхананы сотқа берді
АҚШ-та екі отбасы осыдан 36 жыл бұрын жаңа туған сәбиін шатастырып жіберді деген айыппен Графтон қаласындағы Unity ауруханасының үстінен сотқа арыз түсірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы KKTV порталы жазды.
2024 жылы Колорадо штатының 36 жастағы тұрғыны Джереми Моррисон генетикалық тест тапсырып, өзін тәрбиелеген ата-анасының биологиялық әке-шешесі емес екенін анықтаған. Джереми бала кезінен-ақ өзін осы отбасында өзгеше сезінгенін айтады.
“Қара шашты туыстарымның арасында жалғыз ақсары шашты бала болдым. Бірақ мұның себебі ауруханадағы қателік болады деп ешқашан ойлаған емеспін", – дейді ол.
Джереми Моррисон ДНҚ сараптамасының көмегімен Кайл Байлин есімді ер адамды тапқан. Белгілі болғандай, ол да дәл сол күні, сол ауруханада бірнеше сағат айырмашылықпен дүниеге келген. Осыдан кейін екі отбасы нәрестелерді ауруханада ауыстырып алған деген тұжырыммен сотқа жүгінді.
Unity ауруханасы өз кінәсін мойындамай отыр. Мекеме басшылығының мәлімдеуінше, сол кезеңде жұмыс істеген қызметкерлердің барлығы жұмыстан кеткен, ал медициналық құжаттар сақталмаған. Қазіргі уақытта екі отбасының ата-аналары өздерінің биологиялық ұлдарымен кездесіп үлгерген. Ал Джереми Моррисон мен Кайл Байлин әзірге бір-бірімен жүздескен жоқ.
Соңғы жаңалықтар