40 жастағы Ерке Есмахан үшінші ұлының алғашқы фотосын көрсетті

40 жастағы Ерке Есмахан үшінші ұлының алғашқы фотосын көрсетті
18.06.2025 19:51
0
123
Фото: instagram.com/erke_esmahan

40 жастағы қазақстандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жаңа туған ұлымен перзентханадан шыққан сәттен суреттер жариялады. Өнер иесі барша жұртқа құттықтаулары үшін алғыс айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Үшінші рет ана атанған Ерке ұлы Батырдың перзентханада түсірілген алғашқы суреттерімен бөлісті. Жарық палатада әнші көгілдір гортензия салынған себеттердің арасында сәбиімен бірге түскен. Карусельде сонымен қатар баланың әкесі – әнші RaiM-ді де көруге болады.

«Үйімізде жалғыз патшайым, ханшайым, леди болу маған жазылған екен. Мені қорғап, қолдап, еркелететін отбасымның мүшелері әрдайым аман-сау болсын.

Құттықтау хаттар мен шынайы тілектер жолдаған қазақстандықтарға алғыс айтамын. Баршаңыз осындай бақытты сезіне беріңіздер. Суреттегі – біздің Райымбек Батыр. Аллаға шүкір», – деп жазды ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий