“5 айлық зағип қыздың ақшасы”: Ілияс Сариевтың тағы бір былығы ашылды

Сәуірдің 10- күні ұсталған «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сәриев туралы тағы да тың дерек шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай айтты. Бұған дейін де журналист ерікті жайлы көп ақпараттар ұсынды.
Оның айтуынша, Ілияс зағип қызы бар анаға көмек беремін деп алдап, жылу жиған. Алайда, жиналған қаржының тек 3 милионын ғана аударғаны белгілі болды.
“Екі көзі зағип 5 айлық қызға Ілияс 2024 жылы сбор ашады. Мақсаты халықтан 15 миллион теңге жинап, науқасты ота жасау үшін Түркияға жіберу. Ілияс ата-анаға «ақша жиналды, Түркияға бара беріңіздер»,-дейді. Алайда Сариев мұқтаж отбасының қолына қаражат бермейді. Десе де Раушан ханым немересін алып, Түркияға өз ақшасына аттанады. Тек бесінші күні ғана блогер 3 миллион теңге аударып жібереді. Толық сомманы төлей алмаған соң, Раушан ханым ақыр соңында немересіне қажетті ем ала алмай елге қайтқан”,- деді ол өз видеосында.
Соңғы жаңалықтар





