50 851 теңгеден басталады: Қазақстанда 450 мың оқушыға ақшалай көмек беріледі

31.07.2026 10:16 Мөлдір ҚАЙНАР
50 851 теңгеден басталады: Қазақстанда 450 мың оқушыға ақшалай көмек беріледі
165
Фото: pixabay

Қазақстанда 1 тамыздан бастап балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу бағытындағы жыл сайынғы акция басталады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Жалпыға бірдей міндетті білім беру» қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы 450 мыңға жуық оқушыға қолдау көрсетіледі. Мектеп формасы, аяқкиім және кеңсе тауарларын сатып алу үшін жергілікті бюджеттерден 23 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Кампания 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Биыл бір балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері 50 851 теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға артық. Ал кейбір өңірлерде бұл сома жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай жоғары болуы мүмкін.

Ақшалай көмек мына санаттарға беріледі:

  •  Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  •  Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға;
  •  Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың балаларына;
  •  Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға.

Төлемді алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер бала оқитын білім беру ұйымына өтініш беріп, тиісті құжаттарды тапсыруы қажет. Бөлінген қаражат тек мектеп формасын, аяқкиім мен оқу құралдарын сатып алуға бағытталады.

Войдите, чтобы оставить комментарий