50 жас мерейтойында жер тепкілеп билеген Тоқтар Серіков өсектің астында қалды

17.11.2025 13:26 Айсұлу Мұрат
50 жас мерейтойында жер тепкілеп билеген Тоқтар Серіков өсектің астында қалды
0
140
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Тоқтар Серіков

Танымал әнші әрі композитор Тоқтар Серіков өзінің 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Өнер иесі дүбірлі той жасап, өзінің алыс-жақын туыстары мен эстрада жұлдыздарын жинаған. Олардың арасында Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Жанболат пен Жазира, Қарақат пен Қыдырәлі, Алтынбек Қоразбаев, Мақсат Базарбаев та бар.

Әнші өзінің жары және балаларымен той төрінен көрінді. Қонақтар ақ тілектерін арнап, жұлдызды жұптың беріктігіне тәнті болды.

Әлеуметтік желіде тойдан видеолар жарияланып, қонақтар мен той иесінің билеп жұрген кадрлары тарады. Солардың бірінде Тоқтар Серіков аяғымен жерді тепкілеп, ерекше билегені талқыға түсті.

«Тоқтар неге жер тебе бересің», «Осы биі қызық өзінің», «Тоқтар неге бұлай билей бересеің», — деп жазды желі қолданушылары

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий