58 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды – Қанат Бозымбаев
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев ел аумағын су басу қаупі туралы соңғы мәліметтермен бөлісті.
Үкімет басшысы орынбасарының мәліметінше, ел аумағында 10 өңірде жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды.«Су тасқынына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр. 6 өңірде 3698 жеке үй су астында қалды және автожолдардың 155 учаскесін су шайды. Топан су басқан 88 учаске бақылауға алынды, оның ішінде 4 көпір бар. Сонымен қатар 58 елді мекенге көлік қатынасы жоқ, оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр», - деді Қанат Бозымбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатына ZOOM арқылы қатыса отырып.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазгидромет су басқан өңірлердегі ауа райы болжамын жариялады. Сондай-ақ еліміздегі су басқан өңірлердің балалары сауықтыру орталықтарына жіберіліп жатыр.«Авариялық құтқару жұмыстарына 17 мыңнан астам адам, 1900 техникасы және 500-ге жуық жүзу мен су сору құралдары жұмылдырылды. Төтенше жағдай жарияланған аймақтардан 70 мыңнан астам адам көшірілді, оның 17 мыңға жуығы бала. Ауа райы болжамы бойынша таяу арада күн жылып, қар жылдам ериді және су қоймаларының толуы жалғасады. Бүгінде ел төңірегінің 15%, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 40% жуық қар жатыр», - дейді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...