58 жастағы Қорғаныс министрі жас әйелі мен кішкентай балаларын көрсетті

58 жастағы Қорғаныс министрі жас әйелі мен кішкентай балаларын көрсетті
Әлеуметтік желіге Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың отбасымен түскен суреті тарады. Отбасылық портрет Астана фотостудияларының бірінің Instagram-дағы аккаунтына жарияланған. Фотода генерал-полковник Руслан Жақсылықов, оның әйелі, үлкен қызы және екі кішкентай ұлы бар. Барлық отбасы мүшесі арнайы форма киіп, омыраулары төсбелгілермен безендірілген. Осы орайда пікір жазғандардың бірі Қорғаныс министрінің жарнамаға келісетін-келіспейтінін сұрады. Ал фотостудия қызметкерлері клиенттердің фотосуреттерін рұқсатсыз жарияламайтындарын алға тартты.
Біз фотосуреттерді клиенттің рұқсатынсыз жарияламаймыз және олардың мәртебесіне қарамастан, жариялауға рұқсат беретіндерді шынымен бағалаймыз. Әке – тек отағасы ғана емес, оның сенімді тірегі, қорғаушысы. Әке – балалардың жадында мәңгі қалатын дос, – деп жауап берді фотостудия мамандары.
Айта кетсек, Руслан Жақсылықов 1966 жылы дүниеге келген. Алматы облысының тумасы. Ол 2022 жылдың қаңтарында министр болып тағайындалды. Фото: vsphotoastana
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу