600 мың теңгелік торт үшін соттасқан кондитерге Тұрсын Алагөзов тапсырыс берді
Астанада «Цесна» компаниясының 60 жылдық мерейтойы өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Мерекелік кешке компания иесі танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов 6 қабатты торт тапсырыс берген.
Тапсырысты атышулы кондитер Нұршат Ақбергенова әзірлеген.Ол бұл туралы өзінің жеке парақшасында жазды.
Кондитер бұл тапсырысты аса жауапкершілікпен жасаған.
«Сенім білдіріп, шараның осындай маңызды сәтін маған сеніп тапсырғаныңыз үшін рақмет. Бұл іс-шараға қатысқаныма шынымен де қуаныштымын», - деп жазды ол.
Нұршат торттың муляждан жасалмағанын айтты. Бірақ оның салмағын айтпады.
Еске сала кетейік, Астанада кондитер Нұршат Ақбергенова мен танымал блогер Аселина Батыр арасында құны 600 мың теңгелік тортқа қатысты атышулы сот өткен еді. Сот блогерді торттың қалған ақысы мен моральдық шығынды өтеуге міндеттеді.
Даудың басы кондитер Нұршат Ақбергенованың мәлімдемесінен басталған еді. Оның айтуынша, ол бір апта бойы дайындаған, материалдарына шамамен 440 мың теңге жұмсалған торт үшін блогер Аселина Батыр келісілген 600 мың теңгенің орнына тек 100 мың теңгесін ғана төлеп, қалған соманы бермеген.
Кейіннен кондитер блогердің әлеуметтік желілердегі жазбалары өзінің ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп есептеп, сотқа жүгініп, 3 миллион теңге моральдық шығын өтемін талап еткен.
Соңғы жаңалықтар