"62 миллион қайда?": Талдықорғанда қоғам өкілдері жобаға бөлінген қаражат жымқырылды дейді

29.07.2025 18:07
0
309
Сурет: Бейнеден кадр

Талдықорғанда жасыл желекті суару жүйесі жоқ, бірақ 62 млн теңге игерілген, деп хабарлайды POLITICO.KZ тілшісі pravo.kz арнасына сілтеме жасап

Қоғамдық кеңес сарапшылары мен журналистер Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жұмысына байланысты дабыл қақты. Олардың айтуынша, қалада автоматты суару жүйесін орнатуға бөлінген қомақты қаражат із-түзсіз кеткен болуы мүмкін.

Өткен жылдың соңында Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тарапынан Қадырғали Жалаири даңғылы бойына суару жүйесін орнату үшін тендер өткізілген. Алайда 2024 жылдың желтоқсанында журналист пен Қоғамдық кеңес мүшесі Қанат Ідрісов аталған жерге барып, ешқандай суару жүйесінің орнатылмағанын өз көзімен көрген.

 

Ідрісов акимат пен Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа ресми сұраулар жолдағанымен, мардымды жауап та, жобаға қатысты құжаттар да ұсынылмағанын айтады. Тіпті сарапшылардың айтуынша, жоба мен сметалық құжаттама да жоқ болып шыққан. Соған қарамастан, «Коркейту» ЖШС-не 62 миллион теңгеден астам қаржы толық көлемде төленген.

24 шілдеде Қанат Ідісов қайтадан сол аумақты барып көрді. Видеоға түсірілген кадрларда ешқандай суару жүйесі әлі күнге дейін жоқ екені анық байқалады.

25 шілдеде өткен Қоғамдық кеңес отырысында сарапшылар бұл мәселені талқылап, прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ресми түрде жүгінуді ұсынды. Олар Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық әрекеттерінде ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқыру және сыбайлас жемқорлық белгілері болуы мүмкін деп есептейді.

Сонымен бірге, Кеңес шенеуніктерге соңғы мүмкіндік беріп, қоғам алдында нақты түсініктеме беруді талап етті:

- Қомақты қаржы қайда жұмсалды, егер суару жүйесі мүлдем жоқ болса?, - дейді қоғам өкілдері

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий