Күдікті ұсталды: Щучинскте үй өртеніп, ерлі-зайыпты тірідей жанып кетті
250
Щучинскіде жеке тұрғын үйде өрт салдарынан сол үйде тұратын ерлі-зайыпты көз жұмды Полиция мәліметінше, 39 жастағы жергілікті тұрғын қасақана өрт қойған, деп хабарлайды Politico.kz.
Өрт 29 қыркүйекке қараған түні жеке тұрғын үйде болған.
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері өртті сөндірді. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйден ер адам мен әйелдің мәйітін алып шықты», – деп хабарлады ТЖД.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ақмола облысының полиция департаменті өрт дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Алдын ала анықталғандай, 39 жастағы жергілікті тұрғын үйді әдейі өртеген. Оқиға салдарынан осы үйде тұрған ерлі-зайыпты көз жұмды», – деп хабарлады полиция.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
11:25
Үндістанда іздеудегі қазақстандық бапкерге көме...
29.09.2026
10:58
Астанада автотұрақтағы әйелдің өлімі: төрт экс-...
29.09.2026
10:51
Пиротехника зауытында жарылыс болып, 14 адам қа...
29.09.2026
10:46
Семейде 20 жастағы Дильназ Жұмағұлованы өлтіру ...
29.09.2026
10:29
Күдікті ұсталды: Щучинскте үй өртеніп, ерлі-зай...
29.09.2026
09:55
«Енді жеке көлігім бар»: Бағдат Мусин inDrive н...