6,5 мың зейнеткер азық-түлікті қарызға алып отырған – «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі
420
Борышқа белшесінен басқан қазақстандықтардың арасында зейнеткерлер де баршылық. «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Ақмарал Бекмұрзаева «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында осындай дерек келтірді.
Жоба жетекшісі мұндай зейнеткерлерге қандай көмек ұсынатындарын айтты.«Былтыр 65 мың адам оқытсақ, соның 10 пайызы зейнеткерлер болды. Олардың бәрінің мойнында несие болған, азық-түлікті қарызға алып келген. Зейнеткерлер бізге білім алу үшін емес, несиесі проблемасын шешу үшін келеді. Несиенің кесірінен азық-түлік алатын, коммуналдық қызмет ақысын төлейтін ақшасы жоқ екенін айтады. Ақтөбе облысында бір әжей болды. Қарызы 800 мың теңгеге жеткен. Оның жағдайы тіптен қиын болды. Балалары жұмыс істемейді екен. Тағы бір ата мен әжей болды, кенже қыздары сырттарынан несие рәсімдеп жіберген. Оны өздері білмеген. Олар да амалы қалмаған кезде бізге келді. Шоттарына түгел құлып қойылғандықтан, басқа амалдары қалмаған», - деді ол Qogamfin.kz платформасы ның таныстырылымынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
«Біз оларға жеке тұлғаның банкроттығын рәсімдейміз. Бұл оларға керек. Мысалы, еңбекке жарамды жастағы адамдар келсе, біз оларға жеке тұлға банкроттығын рәсімдеуге кеңес бермейміз. Өйткені экономикалық айналымнан шығып қалады. Ал зейнеткерлер банкроттықты жеңілдікпен рәсімдей алады. Қазір алаяқтар, қаржы пирамидалары өте көп. Олардың құрығына бірінші кезекте зейнеткерлер түсіп жатыр. Өйткені өте сенгіш келеді. Курсқа келгендерге сол алаяқтардан сақтанудың жолдарын үйретеміз», - дейді Ақмарал Бекмұрзаева.
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
01:04
Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын са...
30.04.2026
23:27
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тау...
30.04.2026
23:19
Іздеудегі Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ҚТЖ-ғ...
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...