«70-тегі адамға 30-дағы қызымды бермеймін»: Асанәлі Әшімов жас әйелі туралы өз шындығын айтты
Кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов «1001 түн» бағдарламасында қонақ болып, өзінің өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Асанәлі Әшімов қазіргі жұбайы Бағдат Әшімова туралы айтып, құдалық кезіндегі оқиғаны еске алды.
Айтуынша, бастапқыда Бағдат Әшімованың бауырлары, әке-шешесі қарсы болыпты.
«Жаркентке Бағдатты алып кетуге барғанбыз. Ақселеу Сейдімбек, Қадірбек Уәлиев, Әшірбек Сығай бастаған 20 адамды апардым. Оның себебі – Бағдаттың әке-шешесі, бауырлары көнбей, маған бермейміз деді емес пе?! "Ол 70-те ғой" дейді бауырлары. Ал Бағдат 30 жаста еді. Ол кезде 70-те де емеспін, 66-дамын ғой. Сондай көнбей тұрғанда, бір нағашысы: «Біреулер басқа ұлтқа да үйленіп жатыр ғой, оған қарағанда тәуір ғой», – деді. Сондағы мықтыларды апарағаным – мықтылығымызды көрсетейік дегенім ғой», – деді Асанәлі Әшімов.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...