7-қабаттан құлаған студенттің ісі: Анасы 628 күннен бері кінәліні іздеп жүр

11.04.2026 12:55 Арман Ермеков
7-қабаттан құлаған студенттің ісі: Анасы 628 күннен бері кінәліні іздеп жүр
470
Фото: ашық дереккөз

Алматыда 7-қабаттан құлап көз жұмған 22 жастағы студент Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты іс 2 жылға жуық уақыт өтсе де сотқа жетпеді, деп хабарлайды Politico.kz порталы kursiv.media-ға сілтеме жасап.

2024 жылдың жазында КИМЭП студенті көпқабатты үйдің 7-қабатынан құлап мерт болды. Марқұмның анасы Гүлстан Хамит тергеудің 628 күнге созылғанына шағымданып, істің кабинеттен кабинетке көшіп нақты нәтиже бермей отырғанын айтты. Сонымен қатар қыздың анасы оқиға болған күні Ақнәрдің жанында болған күдіктінің әлі күнге дейін бостандықта жүргенін жеткізді.

Полиция бұл жағдайды қылмыстық кодекстің өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен тіркеген. Бірақ марқұмның жақындары бұған келіспейді. Олардың сөзінше қыздың денесінде азаптау белгілері болған, нақтырақ айтқанда шашы жұлынып, тырнақтары сынып, денесінде тістелген іздер қалған. Сондықтан туыстары істі адам өлтіру бабына ауыстырып, тергеудің ашық өтуін талап етті.

«Бұл істің созылуы – жүйелі мәселе ме, әлде жекелеген тұлғалардың жауапсыздығы ма? Неге осы уақытқа дейін кінәлілер бостандықта жүр?», – деді Гүлстан Хамит.

Белгілі болғандай студенттің өліміне қатысты іс жақында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен қайтадан Ішкі істер министрлігіне қайтарылған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий