«80 жылдарға сапар»: Фариза мен Балжанның батыл образы желіні шулатты
797
Фариза Ескермес пен Балжан Бидаш 80 жылдардың стилін қайта тірілтіп, желі назарын өзіне аударды. Өнер иелері жақын арада жарық көретін жаңа әнінің бейнебаянынан үзінділермен бөлісіп, тыңдарманды бірден қызықтырып қойды, деп хабарлайды Politico.kz
Түсірілім барысында Фариза мен Балжан 80 жылдарға тән батыл образдарды заманауи элементтермен үйлестіріп, ерекше атмосфера қалыптастырған. Жарқын киімдер, еркін қимыл, сахналық харизма – бәрі де көрерменді өткен дәуірдің эстетикасына жетелеп, сонымен қатар қазіргі трендтермен үндесіп тұр.
Желі қолданушылары қос арудың образын жоғары бағалап, жылы пікірлерін аямады.
«От қыздар!», «Рианна мен Шакирадай әсер қалдырды», «Жарыңдар, қыздар! Біз тек қолдаймыз», «Осы екеуінің қолынан келмейтіні жоқ» деген пікірлер көптеп жазылды.
Көпшілік жаңа ән мен бейнебаяннан үлкен үміт күтіп отыр. Өнер иелері болса, бұл жолғы туынды тыңдарманға тосын әсер сыйлап, ерекше көңіл күй қалыптастыратынын меңзеп отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.10.2026
16:32
Әкімнің үйінде пеш түсіруге көмектескен оқушыны...
11.10.2026
15:30
Сауд Арабиясындағы әуежайға шабуыл жасалды: 12 ...
11.10.2026
14:32
Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды
11.10.2026
13:17
Алматыда әйелдің бөксесінен ұстап тиіскен шетел...
11.10.2026
12:21
Қайрат Нұртас концертіне қатысты қылмыстық іс қ...
11.10.2026
10:24
Сәкен Бибосынов ауыр жарақат алып ауруханаға түсті