81 жастағы Байден короновируспен ауырып қалды
310
Фото: Manuel Balce Ceneta / AP
АҚШ президенті Джо Байден үшінші рет коронавируспен ауырып қалды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер өз сөзінде Байденнің ауруы жеңіл екенін мәлімдеді. Ол президенттің осыған дейін негізгі және қосымша екпелерді алғанын айтты. Бұл туралы Politico.kz басылымы BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
81 жастағы Байден сәрсенбі күні Лас-Вегаста өткен үгіт-насихат шарасына қатысты. Ал бүгін кешке Лас-Вегаста көпшілік алдында сөз сөйлеуі керек еді, бірақ сырқатына байланысты бұл іс-шара тоқтатылды.
Жан-Пьердің айтуынша, президент карантин уақытын Делавэр штатындағы үйінде өткізіп, сол жерден президенттік міндеттерін орындайды.
Байденнің дәрігері Кевин О'Коннор президенттің мұрнынан су ағып, жөтелі барын және Paxlovid препаратын қабылдағанын айтты. Ол өзін жақсы сезініп жүргенін айтқанмен, тест арқылы коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Байденнің Лас-Вегасқа сапарын жазған тілшілер оның ұшаққа ақырын және абайлап көтерілгенін айтты.
АҚШ Демократиялық партиясының көптеген жетекші саясаткерлері мен осы партияның жақтастары Джо Байденді президенттік сайлаудан бас тартуға шақырып отыр. Олардың пікірінше, 81 жастағы ардагер президенттікке таласта Дональд Трампты жеңгенмен, оның денсаулығы тағы төрт жыл нәтижелі жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді.
Алайда, Байден өз кандидатурасын алып тастаудан бас тартты.
Соңғы жаңалықтар
26.08.2026
22:16
Тобылда қымбат көлікті ұрлаған 19 жастағы жігіт...
26.08.2026
21:11
«Өлтіріп кетеді деп қорқамын»: Алматылық блогер...
26.08.2026
20:43
Ақтөбеде өз анасын пышақтап өтірген 16 жастағы ...
26.08.2026
20:18
Тоқаев 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге...
26.08.2026
19:37
«Менің бір ғана әйелім бар»: Данияр Елеусінов ж...
26.08.2026
19:05
«Бір ай бойы көмек сұрадым»: Қызылордада екі ай...