Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды
Ашық дереккөз

Шымкентте 4 млрд теңгеден астам қаржыға қатысты алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адам Астанада тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен азаматтардың ақшасын заңсыз жинаған.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті сыбайластарымен бірге қажетті рұқсат құжаттарын алмай және мемлекеттік сараптамадан өтпей-ақ тұрғын үй құрылысына қаражат тартқан. Соның салдарынан 292 адам зардап шеккен. Ал келтірілген жалпы шығын көлемі 4 миллиард теңгеден асады.

Күдікті халықаралық іздеуде болған. Ол ұзақ уақыт бойы Шымкент қаласында жасырынып, ұсталып қалмау үшін жалдамалы пәтерлерін жиі ауыстырып отырған.

Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу