82 адам жантүршігерлік жағдайда мерт болды

82 адам жантүршігерлік жағдайда мерт болды
07.07.2025 12:44
0
170
Фото: freepik.com

АҚШ-тың Техас штатында болған алапат су тасқыны салдарынан кем дегенде 80 адам көз жұмды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Техас штатының Керр округінде қаза тапқандар саны 68-ге жетті. Оның 28-і бала. 

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Техастың тағы бес округінде 12 адам қайтыс болған. Бірнеше округте төтенше жағдай жарияланған.

Тағы 41 адам, оның ішінде 10 бала із-түзсіз жоғалған.

Бұл туралы соңғы мәліметтерді жергілікті билік өкілдері растады.

Техас штатының Керр округінің шерифі Ларри Лита жексенбі кешкісін журналистерге берген сұхбатында округте 68 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Аймақта кейбір жолдар толығымен қираған, телефон байланысы істемей тұр. Техастың бірнеше округінде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Қаза тапқандар мен жоғалғандардың ішінде жазғы демалыста болған балалар да бар. Олар Керрвилл қаласына жақын маңдағы Camp Mystic жазғы лагерінде демалып жатқан. Лагерь маңындағы өзен нөсер жауыннан кейін тасып, бірнеше минут ішінде жағалаудан асып кеткен.

 

 

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий