8-сынып оқушысы әкесінің көлігін ұрлап, көшедегі қызды қағып кетті
Маңғыстау облысында 8-сынып оқушы көлік тізгініне ие бола алмай, адам қағып кетті. Ол ата-анасының көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жол апаты 25 шілде күні таңғы алты шамасында болған. Газель жүк көлігіндегі адам жаяу жүргіншілер жолына шығып, қызды қағып кеткен. Кейіннен жүк көлігін 15 жастағы оқушы айдағаны белгілі болды. Полицияның мәліметінше, ол көлікті ата-анасынан ұрлап кеткен.
Зардап шеккен 2011 жылы туған қызға шұғыл ота жасалды. Ол бес күн жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатты. Жәбірленуші қыз түтік арқылы тамақтанады және денесін қозғалта алмайды.
Көлік тізгіндеген жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік және қылмыстық істер қозғалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды
24.10.2026
10:20
Астанада ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін ...
24.10.2026
09:27
«Бауырсаққа таласқандай»: Маңғыстауда жаңа вокз...
23.10.2026
23:30
Атырауда жаппай көшіру басталуы мүмкін: Кімдерд...
23.10.2026
22:34
Астанада автобус терезесін ұрып, жүргізушіні ба...