«9 келі салмақ тастадым»: Тоқаев денсаулығы жайлы бұрын-соңды айтпаған деректі бөлісті

05.01.2026 09:42 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«9 келі салмақ тастадым»: Тоқаев денсаулығы жайлы бұрын-соңды айтпаған деректі бөлісті
0
530
Фото: ашық дереккөз

«Turkistan» газетіне берген сұхбатында мемлекет басшысы өз денсаулығы жайлы да айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Айтуынша, денсаулығы жақсы, қан қысымы қалыпты. 

«Күн сайын йогамен шұғылдануды әдетке айналдырдым, бірақ медитация жасамаймын. Бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнаймын. Расымен, тоғыз келі салмақ тастап, өзімді әлдеқайда жайлы сезінетін болдым», - дейді Тоқаев.

Ол сондай-ақ  ТМД елдеріндегі әріптестерінің ішінде тағы кім спортқа жақын екенін айтты.

«Таяуда Бішкекте өткен бейресми іс-шара кезінде Путин жас дзюдошыға қарсы әдемі әдіс жасап, аға буынның абыройын көтеріп тастады. Әлиев те мықты, кәнігі спортшы сияқты үнемі жаттығады, Жапаров футбол ойнайды. Мирзиёев те ширақ, ол жаттығу залында шынығады. Пашинян велосипед тебеді. Лукашенко әлі күнге дейін хоккей ойнайды екен. Кезінде теңіз-әскери күштерінде болып, әбден шыныққан Рахмонның да денсаулығы жақсы. Бір сөзбен айтсам, әріптестерімнің бәрі де бабында», - деді ол.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий