90-жылдары жүргізушілерді өлтіріп, шұңқырға көмген қылмыскер биыл бір-ақ ұсталды
895
Қылмыстық топтың басшысы 25 жылға сотталды, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Сот К. деген азаматтың 1998 жылы қылмыстық келісім бойынша және пайдакүнемдік мақсатта азаматтарға қарулы шабуыл жасау және заңсыз баю мақсатында тұрақты қылмыстық топтың әрекетін ұйымдастырып, белсене қатысқанын анықтады.
Бұл ұйымдасқан қарулы топ жоспар бойынша бірнеше рет топтық шабуыл жасаған. Олар полиция қызметкерінің формасын, жыпылықтайтын маяктарды, таяқтарды, ауыстыру үшін дайындалған мемлекеттік нөмірлер мен көліктерді пайдаланған, - деп жазылған хабарламада.Бір жыл ішінде (1998-1999 жж.) К.-нің басшылығымен қылмыстық топ Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында бірқатар аса ауыр қылмыс жасаған. Банда мүшелері автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерді өлтірген, одан соң олардың мәйіттерін шұңқырға көмген. К. жалған құжатты пайдаланып, тергеу мен соттан жасырынып, іздеуде жүрген. Тек 2024 жылдың қаңтарында ұсталған.
Айыпталған қылмыстар бойынша сотталушының кінәсі, оның ішінде 5 адамды өлтіргені куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және 1999 жылғы қарулы топтың басқа мүшелеріне шығарылған үкіммен дәлелденді, - деп хабарлады сот.Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Жәбірленушілер сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады. Сот К.-нің әрекетін Қылмыстық кодекстің 237-бабы 1-бөлімі, 96-баптың 2-бөлімі «А, Ж, З, Н» (1997 ж. редакциясы) тармақтары («Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру, бұрын адам өлтірген адам, пайдакүнемдік ниетпен ұйымдасқан топпен оған басшылық жасау, заңсыз қасақана екі адамның өліміне әкеп соқтыру») бойынша саралады. Қылмыстық кодекстің 69-бабына сәйкес, егер адам аса ауыр қылмыс жасаған күннен бастап 15 жыл өтсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс жасаған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Сот адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкін емес деп тапса, 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды.
Осы заң талаптарын негізге ала отырып, сот мынадай шешім шығарды: сотталушы ҚР ҚК-нің 237-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылды және ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және жаңа қылмыстардың алдын алу мақсатында сотталушы ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «А, Ж, З, Н» тармақтарымен (1997 ж. редакциясы) кінәлі деп танылып, 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деп мәлімдеді сот.Үкім заңды күшіне енген жоқ. Фото: tengrinews.kz
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
01:04
Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын са...
30.04.2026
23:27
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тау...
30.04.2026
23:19
Іздеудегі Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ҚТЖ-ғ...
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...