Абай облысында шахтада апат болды: адам шығыны бар
Абай облысындағы Орлов шахтасында апат болып, бір жұмысшы мерт болды. Тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Шахтаның иесі KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан бір қызметкер қаза тапқан, тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
«Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Жан-жақты тергеу жүргізілуде», – делінген компания хабарламасында.
Компания қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Облыстық полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...