«Әблязов сияқты шығарып қойдыңдар»: Қайсар Қамза өзін іздеп жатқандарға үн қатты (ВИДЕО)
Күні кеше іздеу салынған атышулы блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желіде байланысқа шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол Instagram сторисінде жағдайға таңғалғанын айтып, ренішін де жеткізіп үлгерді.
«Кімнің ала жібін аттап кеттім? Білмеймін... Елдің бәрімен амандасып тыныш жүрген сияқты едім. Бүкіл жұмысты ысырып қойып, дүйім жұрт болып іздейтіндей қылмыскер сияқты емес едім. Миллиардтап тонаған Әблязов секілді етіп шығарып қойғандарың не?» – деді блогер.
Еске сала кетейік, күні кеше Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандық танымал блогер Қайсар Қамзаға ресми түрде іздеу жариялады.
Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Қайсар Қамза – әлеуметтік желілерде кеңінен танымал блогер. Оның Instagram парақшасында 2,6 миллионнан астам оқырманы бар, ал TikTok-тағы жазылушыларының саны 340 мыңнан асады.
Соңғы жаңалықтар