Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларға жағдай жасап жатыр

Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларға жағдай жасап жатыр
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы

«Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған, Балқаш, Қарағанды өңірлері мен Шатыркөлдегі 90 әлеуметтік-тұрмыстық нысанды жаңартып жатыр. Оның 34-інде жөндеу аяқталған, деп хабарлайды Politico.kz.

Қалған 30 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Тағы 26 нысанды жаңартуға дайындық басталған.

Бағдарлама аясында жұмыскерлерге арналған жатақханалар, асханалар, жуынатын бөлмелер, медициналық пункттер мен тұрмыстық ғимараттар жөнделіп жатыр.

Жезқазған өңіріндегі «Jezqazgan Tau-ken ondirisi» өндірістік бірлестігінің 17 нысаны жаңартылды.

Батыс Жезқазған кенішіндегі 73-75-шахтаның тұрмыстық ғимараты жөнделіп, жылы өткелі қалпына келтірілді. Мұнда жұмыскерлерді медициналық тексеруден өткізетін автоматтандырылған жүйе де орнатылды.

Оңтүстік Жезқазған кенішінде әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың бөлмелері мен шатыры жаңартылды. Жомарт кенішінде тұрмыстық ғимараттар, терезелер мен есіктер жөнделді.

Балқаш өңіріндегі «Balqash Tau-ken ondirisi» өндірістік бірлестігінің алты нысанында жұмыс аяқталды.

Саяқ кенішіндегі «Тастау» асханасы, жуынатын бөлмелер мен сауна жөнделді. Желдету жүйесі де жаңартылды. Балқаштың өндірістік алаңдарында киім ауыстыратын бөлмелер мен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар ретке келтірілді.

Шатыркөлде жұмыскерлерге арналған тұрғын және тұрмыстық бөлмелер, медициналық пункт, кір жуатын орын мен тамақтану бөлмесі жаңартылды.

Қарағанды өңірінде «Qaragayly Tau-ken ondirisi» өндірістік бірлестігінің алты нысаны жөнделді.

Қарағайлы байыту фабрикасында асхана мен жуынатын бөлме жаңартылды. Қажықонған және Абыз кеніштерінде тұрғын модульдер мен өндірістік-тұрмыстық ғимараттар жөндеуден өтті.

«Kazakhmys Smelting» кәсіпорындарында да жұмыс жүргізілді. Балқаш мыс балқыту зауытының санитарлық-тұрмыстық бөлмелері мен Жезқазған мыс балқыту зауытының балқыту цехындағы жуынатын бөлмелер күрделі жөндеуден өтті.

Компанияның мәліметінше, басқа өндірістік алаңдарда да жөндеу жалғасып жатыр.

Олардың қатарында Жомарт кенішіндегі 330 орындық жатақхана, Жезқазған байыту фабрикаларының тұрмыстық ғимараттары мен медициналық пункті бар.

Нұрқазған, Абыз және Саяқ кеніштерінің әкімшілік-тұрмыстық бөлмелері де жаңартылып жатыр. Байыту фабрикалары мен жөндеу бөлімшелеріндегі нысандар да бағдарламаға енгізілген.

«Қазақмыс» корпорациясының хабарлауынша, бағдарламаның мақсаты жұмыскерлерге ауысым кезінде қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау. Жаңартылған нысандарда олар медициналық тексеруден өтіп, жұмысқа дайындала алады, тамақтанып, демалып, жеке гигиенасын сақтай алады.

Компания әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатынын хабарлады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу