Адал махаббат сөзбен емес, іспен дәлелденеді – Тұрсынбек Қабатовтың әйелі

Адал махаббат сөзбен емес, іспен дәлелденеді – Тұрсынбек Қабатовтың әйелі
22.07.2025 21:01
0
159
Фото: Видеодан скрин

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова өзінің желідегі парақшасында әсерлі видео жүктеді. Ол қоштасу сөздерін айтып, жұртты алаңдатып қойды. Ашуланып, ащы сөздерін де айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Өмірімнің астан-кестенін шығардың. Бар, кет, жоғал. Қайда барсаң, онда кет", - деді ол. 

Сондай-ақ Мөлдір жұбына өміріндегі онымен өткізген көңілді, бақытты сәттер үшін де алғысын білдірді. 

"Не болса да, жақсы сәттер көп болды.
Көп рахмет саған.
Бәрі шынайы болды.
Бірақ мен бір нәрсені түсіндім:

Адал махаббат — сөзбен емес, іспен дәлелденеді.
Уәде емес, әрекет.
Сезім емес, тұрақтылық", - деп жазған жариялаған видеоның астына. 

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі оны қолдаса, бір бөлігі сынап тастады. 

"Бұл да қоймайды екен да, тыныш қана өміріңді сүріп жүре берсейші, құрысын, елге жар салмай", Отбасылық проблеманы өзіңіз айтып жүрген өлеңдей "Арамызда қалсын бәрі " деп қоя салмайсыз ба", "Әркімнің басынан өтіп жатқан жағдай. Сабыр түбі, сары алтын", "Енді осыдан кейін сұраудың қажеті жоқ. Барлығы түсінікті деп ойлаймын. Дұрыс, ұстама кететін адамды, кетсін", - деп жазды оқырмандар. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий